Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезінде, өндіру учаскесін және дайындық кезеңін бекітіп беру кезінде, учаскені және өндіру кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде, барлау кезеңін ұзарту кезінде, өндіру кезеңін ұзарту кезінде, уран өндіруді ұзарту кезінде, учаскені ұлғайту кезінде, уран учаскесін ұлғайту кезінде, жер қойнауы учаскесін азайту кезінде, өндіру кезеңіне ауысу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 20 жұмыс күні
Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 15 жұмыс күні.
Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісімге қол қою кезінде – 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)

Қызметті онлайн алу

  1. БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
  2. Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу. 
  3. БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.

Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.

 

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Жер қойнауын пайдалану құқығы мен жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер өзгерген кезде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітіп беру кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Барлау кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Уран өндіру кезеңін ұзарту кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуға байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) ұлғайтуға байланысты уран өндіруге арналған келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуға байланысты келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Жер қойнауы учаскесін (учаскелерін) азайтуға байланысты уран өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

Жер қойнауы учаскесін бөлу кезінде келісімшартқа қосымша келісім алу үшін

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.