Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

20 жұмыс күні ішінде

Кодекске сәйкес анықталған ірі кен орындары мен стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша – өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 60 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

Қызметті онлайн алу

  1. БМБЖ жүйесінде авторизациядан өту.
  2. Өтінімді толтыру және өтінімге ЭЦҚ -мен қол қою, қажетті құжаттардың сканкопияларын тіркеу. 
  3. БМБЖ-да "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" қосымша бетіндегі "өтінімдер журналы" бөлімінде нәтижемен танысады.

Қоса берілетін құжаттардың ең көп көлемі 100 Мб аспауы тиіс.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.