Кешенді экологиялық рұқсатты беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегің

Қызмет көрсету мерзімі

2 айдан аспау керек

Қызметтің толық атауы
Кешенді экологиялық рұқсатты беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. Экологиялық рұқсат алуға арналған өтінім.
  2. Техникалық меншікті нормативтерді қамтитын эмиссиялар нормативтері жобаларына және қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша бөлімі бар межелі қызмет жобасына мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындыларының көшірмелері (ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда).
  3. Қолжетімді озық технологияларға қол жеткізуге ауысу бағдарламаларының жобасы.
  4. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Қызмет көрсету нәтижесі

 Кешенді экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру.