Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндiк сертификаттар алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күні ішінде

өтініш беруші карантиндік фитосанитариялық сараптаманың қорытындысымен карантиндік фитосанитариялық талаптардың сәйкестігін растайтын өтінім берілген сәттен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннен ерте емес көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы - портал арқылы - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Карантиндік сертификат немесе негіздер бойынша уәжді бас тарту