Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

Fттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - 15 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде – аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.

Қызметтің толық атауы
Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу комиссиясының мемлекеттік  қызмет берушінің жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткендігі туралы шешімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту.