"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлік кепіл шартын беру және оны тоқтату туралы хабарлама

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап:
Көрсетілетін қызметті берушіге – 5 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияның:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 5 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
облыстар, Алматы және Шымкент қалалары бойынша – 10 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
Порталға жүгінген кезде – 5 жұмыс күні.

2) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап:
Көрсетілетін қызметті берушіге – 7 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияның:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 7 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді),
облыстар, Алматы және Шымкент қалалары бойынша – 11 жұмыс күні (құжатты қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Порталға жүгінген кезде – 7 жұмыс күні.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Жылжымайтын мүлік кепіл шарты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.