«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

7 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Тіркелген құжаттарды сығымдау жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Шығыстарға аванс беруге жазбаша өтініш;
  2. Аванс сомасын растайтын құжаттың көшірмесі (инвойс, жалдау туралы шарт, оқу орнының, сақтандыру компаниясының, елшіліктің ресми сайтынан ақпарат, авиаұшу құны немесе авиабилетті брондау туралы ақпарат).

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару туралы хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.