Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

 6 жұмыс күні 

 

Қызметтің толық атауы
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!


Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Көтерме жәрдемақы алған кезде

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
  3. Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
  4. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.

Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
  3. Жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi
  4. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.
  5. Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін).
  6. Кредиттік бюродан есеп.

Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде

  1. Өтiнiш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.
  3. Бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi.
  4. Жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi.
  5. Сәйкестендіру үшін неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін).
  6. Кредиттік бюродан есеп.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "эл

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы келісімді жасасу үшін жүгіну қажеттігі туралы, есепке алу және кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту.