Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы
Жұмыспен қамту орталығы
Қызмет құны

Тегiн

Қызмет көрсету мерзімі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясысының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні.

Проактивті қызметті көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап 10 жұмыс күні.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

Қызметтің толық атауы
Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

Қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында пилоттық режимде іске қосылды.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Мүгедектіктен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектің сенімхаты.

Еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедектің протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген жағдайда мынадай мәліметтер қосымша сұратылады:

  1. Мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы.
  2. Кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке алып келген өндірістік жазатайым оқиға туралы, кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

  1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.