Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімде "Қазпошта" АҚ-да, "Халық Банкі" АҚ-да ашылған жеке шоттың (IBAN) нөмірін көрсету қажет.

Ескерту: жеке шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс

  1. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысу. Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. 

*Онлайн-қызмет тек бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау бөлігінде ғана көрсетіледі және 2007 жылғы 13 тамыздан бастап баланың туу туралы жазба актісі жазылған, сондай-ақ 2008 жылғы 1 маусымнан бастап некеге тұрған азаматтар үшін қолжетімді.

Қызметті  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.
  4. Баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілерінің жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама) – салыстырып сәйкестендіру үшін.

Қажет болған жағдайда (олардың болуына қарай):

  1. Консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) (бар болса) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеуді растайтын құжат.
  2. Сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген баланың (балалардың) қайтыс болуы туралы куәлік (куәліктер) (не қайтыс болу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтамалар).
  3. Бір жасқа дейінгі баланы (балаларды) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімінен үзінді көшірме.
  4. Қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген жағдайда балаға қамқорлық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін – проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Порталда: қор филиалы басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберілген әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.