Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 минут ішінде көрсетіледі

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру

Көрсетілген мерзімге жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы бейнероликті қараңыз

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға көрсетілуі мүмкін.

Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы порталдағы "жеке кабинетінен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын тұлғаның келісімі болған кезде, сондай-ақ біржолғы парольді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабар жіберу арқылы субъектінің ұялы байланысының порталда тіркелген абоненттік нөмірі арқылы орындалады.

Көрсетілген мерзімге жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтаманы қалай алуға болатыны туралы сурдоаудармасы бар бейнероликті қараңыз

Қызмет көрсету нәтижесі

Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы тиісті ақпарат көрсетілген қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі