Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Салық кодексінде белгiленген ставкаларға сәйкес

Қызмет көрсету мерзімі

Өтініш келіп түскен және көрсетілетін қызметті берушіге ақы төленген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

Ауыртпалықтардың, сондай-ақ заңдық талаптардың тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға ақы төленген және өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі

Қызметтің толық атауы
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды тіркеңіз.
  3. Өтінішке ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою.
  4. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) жасалған электрондық құжатпен және сұрау салу нәтижесі туралы хабарламамен танысыңыз.
  5. Қызмет келесі Ішкі қызметтерді қамтиды:

Заңдық талаптардың туындауын тіркеу

Заңдық талаптардың тоқтатылуын тіркеу

Кепілді, рентаны, пайдалануды тіркеу

Шарт талаптарының өзгеруі нәтижесінде ауыртпалықтардың өзгерістерін тіркеу

Қайта кепілді тіркеу

Құқықтың ауысуына байланысты емес ауыртпалықты тоқтатуды тіркеу

Міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаны тіркеу

Сауда-саттық туралы хабарламаны тіркеу

Қарыз шарты бойынша талап ету құқығын басқаға беруді тіркеу

  1. Қызмет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы растау келіп түскеннен кейін жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның тіркеушісінің - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қатысуымен көрсетіледі.

Қосымша

МО қызметті қалай алуға болады

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы жүзеге асырады

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама;

2) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы дәлелді жауап.