ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру
Көрсету
Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
1 жұмыс күн
Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Барлық міндетті өрістерді БАС ӘРІПТЕРМЕН толтыру және файлдарды бекіту.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші.
- Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
- Көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат.
Қызмет көрсету нәтижесі
Тіркеу куәлігін беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.