Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Ақылы

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне арналған жер-кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету мерзімі

1 кезең - 28 жұмыс күн

2 кезең - 22 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Елді мекен шегінде объект салу үшін жер участкесін беру
Қосымша

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер  ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру, өтінімге жер учаскесінің орналасу схемасын қоса беру.
  3. Оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) 24 сағат ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз.

Төлемді жүргізу үшін комиссия 100 теңгені құрайды.

  1. Оң жауап болған жағдайда «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында жер учаскесін сатып алуды төлеу (төлеп алған жағдайда) және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін алым. 

Жер учаскесін төлеп алуды төлеу және/немесе жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін алым туралы толығырақ

  1.  Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) қызметтің нәтижесімен танысу және қалауыңызға қарай құқықтарды тіркеусіз актіні алу үшін ЖҚО/ЖҚБ бару.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ органда алу

 

 

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінде «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Жер-кадастр жоспарын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешімі немесе  қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап