Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны
Тау-кен өндірістерін (көмірсутектер) жобалауға (технологиялық) – 10 АЕК.
Тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға – 100 АЕК.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің – 10 %-ын құрайды.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
Қызмет көрсету мерзімі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, оның ішінде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлға-лицензиат бөліну және шығарылу түрінде қайта құрылған жағдайда берген кезде  15 жұмыс күні.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензия және заңды тұлға бөліну және бөліну түрінде қайта құрылған жағдайда  3 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.