Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Актінің түрі
Заң
Конституциялық Заң
Қабылдау күні
01.01.1970
Өзгерту күні
16.11.1999
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Парламенті
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ конституциялық заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат;

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 
156-құжат; N 13-14, 194-құжат; N 4, 100-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     77-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "оларға қоғамдық көліктің 
барлық түрлерінде - таксиден басқа, қалалық, қала маңындағы және 
жергілікті қатынас көліктерінде тегін жүруге рұқсат беріледі." деген 
сөздер алып тасталсын.
     
     Қазақстан Республикасының
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А.