Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір нұсқамаларын бекіту туралы

Актінің түрі
Нұсқаулық
Қабылдау күні
20.08.1999
Өзгерту күні
07.07.2004
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚР Орталықсайлаукомы

       "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"  Конституциялық заңның 12, 40, 42 және 43-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
     1. Ұсынылған:
     1) сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу мен дауыстарды санау жөніндегі нұсқаулық;
     2) дауыс берудің нәтижелері туралы учаскелік, округтік және тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын жасау және беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы     

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы     

      Ескерту: Қаулы қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 16 қазандағы N 39/264   Қаулысымен .   

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 16 қазандағы 
N 39/264 қаулысына қосымша

N___сайлау округі бойынша 1999 жылғы 24 қазандағы 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі қайта дауыс берудің нәтижелері туралы
учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының 
Жалпы ведомостары

                      Облыс атауы__________________     

___________________________________________________________________
Сайлау уч. Округ бойынша   Сайлау-дың   Сайлаушы-дың  Сайлау бюллет.
N          сайлаушылардың  жалпы тізімі қосымша тізімі тень-н ал.  
           жалпы саны      бойынша      бойынша        ған сайлаушы.
                                                       лардың саны
____________________________________________________________________
             |               |               |               |
____________________________________________________________________
             |               |               |               |     
____________________________________________________________________
             |               |               |               |
____________________________________________________________________
қорытынды    |               |               |               |     

      таблицаның жалғасы
____________________________________________________________________
Дауыс беруге  Дауыс беруге Дауыс беретін Депутаттыққа канд-тарға бе.
қатысқан сай. бұрынырақ қатыс. үй-жайдан тыс         рілген дауыстар
лаушылардың   сайлаушылардың   жерде дауыс
_______________________________ 
саны          саны             беруге қатыс.       Тегі,   |    Тегі,

                               қан сайлаушы.    аты-жөні   |  аты-жөні

                               лардың саны                 | 

___________________________________________________________________________

                                              |саны |  %   | саны   |  %   

     

 таблицаның жалғасы
______________________________    
жарамсыз деп  |Барлық кандидат.  
танылған бюл. |тарға қарсы дауыс    
летеньдер саны|берілген бюллетень
              |дер саны
_____________________________
              |               |
_____________________________
              |               |              
______________________________
              |               |
__________  __________________
қорытынды     | 

   Округтік сайлау комиссиясының
   төрағасы              _________________  Тегі,аты-жөні

   Округтік сайлау комиссиясының
   хатшысы               _________________  Тегі, аты-жөні

   

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 1999 жылғы 
7 тамыздағы N 19/221 қаулысымен
Бекітілген

              Сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу 
                мен дауыстарды санау жөніндегі 
                         Нұсқаулық 

                 1. Дауыс беруді ашу 

      1. Дауыс беруге арналған учаскенi ашу сайлау учаскесiнде дауыс берудi және дауыс берудi үй-жайдан тыс жерде өткiзу, дауыстарды санау кезiнде сайлауға түскен әр кандидаттан бiр сенiм бiлдiрiлген адам, куәлiгi мен тапсырмасы болған ретте әр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiр өкiл-журналист, сондай-ақ тиiстi сайлау комиссиясы жанында тiркелген Республиканың қоғамдық бiрлестiктерiнен және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың әрқайсысынан бiр-бiр байқаушы қатыса алады. 
      2. Дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы сайлау басталатын уақыттан бiр сағат бұрын сайлау учаскесiн ашық деп жариялайды және: 
      1) комиссияның барлық мүшелерiне және қатысушы өкiлдер мен байқаушыларға дауыс беруге арналған сайлау жәшiктерiнiң - стационарлық, сондай-ақ (учаскеде саны екеуден аспайтын) алып жүретiн жәшiктердiң бос екендiгiн көрсетiп, бiрден пломб салады немесе мөр басады; 
      2) сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты комиссия мүшелерiн анықтайды; 
      3) қатысушыларға учаскенің дауыс беруте дайын екендiгiн хабарлайды; 
      4) сайлау учаскесiнің ашылуы туралы хаттамаға қол қояды. 
      3. Сайлау учаскесiнiң төрағасы мерзiмiнен бұрын дауыс берген сайлаушылар қалдырған конверттердi көрсетедi. Бұл ретте: 
      1) конверттің бүтiн екендiгi; 
      2) оған мөр басылғандығы немесе сайлау комиссиясы мүшелерiнің (екiден кем емес) қолдарының бар екендiгi; 
      3) конверттер санының сайлаушылар тiзiмiндегi мерзiмiнен бұрын дауыс бергендiгi туралы белгiлерге сәйкес екендiгi мiндеттi түрде тексерiледi. 
      4. Комиссия төрағасы жалпы дауыс беру басталар алдында оның басқа мүшелерiнiң, өкiлдер мен байқаушылардың қатысуымен дауыс беруге арналған жәшiктерге жабық конверттердi салуы тиiс. Осы рәсiм орындалғаннан кейiн комиссия төрағасы дауыс беру белгiленген уақытта сайлау учаскесiн ашық деп жариялайды және сайлаушыларды дауыс берудi бастауға шақырады. 

       2. Дауыс беруді өткізу

      5. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы сол бiр уақытта дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттеудi жүзеге асырады. 
      6. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар сайлау комиссиясы белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. 
      7. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы тәртiпке жауапты және заңды бұзған және дауыс беруге кедергi келтiрген кез келген кiмнiң болса да үй-жайдан кетуiн талап етуге хақылы. Тәртiпсiздiк туындағаң жағдайда төраға көмектесу үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне өтiнiш жасайды, олар тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн сайлау учаскесiнiң үйжайынан дереу кетуi қажет. 
      8. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тiзiмдерi негiзiнде және сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты (төлқұжат, жекебас куәлiгi, жеке бастың уақытша куәлiгi, әскери билет) көрсеткенде ғана берiледi. 
      9. Әр сайлаушы өзi дауыс бередi. 
      Дауыс беруге арналған бюллетеньдердi басқа сайлаушылардың атынан беруге тыйым салынады. 
      10. Сайлаушылар дауыс беруге арналған бюллетеньдi алғандығы туралы сайлаушылар тiзiмiне қол қояды. 
      11. Дауыс беруге арналған бюллетеньдердi берген комиссия мүшелерi, оларға өздерiнiң қолын қояды, сондай-ақ сайлаушылар тiзiмiндегi бюллетеньдi алған сайлаушының тегiнiң тұсына да қолын қояды. 
      12. Сайлаушылар сайлау бюллетеньдерiн дауыс беруге арналған кабинада немесе жасырын дауыс беруге арналған бөлмеде толтырады. Сайлау комиссиясы жасырын дауыс берудi қамтамасыз етуге, сайлаушының еркiн бiлдiру мүмкiндiгiн бұрмалауды болдырмауға, бюллетеннiң сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ дауыс берудiң қорытындыларын анықтау және сайлаудың нәтижелерiн белгiлеу кезiнде дауыстың есебiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      Жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға немесе бөлмелерге кiру, олардан шығу сондай-ақ олардан сайлау жәшiктерiне дейiнгi жол учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң және қатысып тұрған өкiлдер мен байқаушылардың көз алдында болуы тиiс. 
      Бюллетеньдi толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да, кiрiп тұруына тыйым салынады. 
      Егер сайлаушының дауыс беруге арналған бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi болмаса, ол өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы және дауыс бергеннен кейiн сайлаушылар тiзiмiне сайлаушының бюллетень алғандығы туралы қолының жанына оның тегi енгiзiледi. 
      Мыналар ондай адам болуы тиiс емес: 
      1) сайлау комиссиясының мүшесi; 
      2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды қызметкерi; 
      3) партиялық тiзiмге енгiзiлген тұлға, кандидат; 
      4) кандидаттың сенiм бiлдiрген адамы, саяси партиядан сенiм бiлдiрiлген адам, бастамашыл топтың мүшесi; 
      5) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист; 
      6) тиiстi сайлау комиссиясының жанында тiркелгеи Республика қоғамдық бiрлестiктерiнiң байқаушысы, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның байқаушысы. 
      13. Дауыс беру жергiлiктi уақыт бойынша жиырма сағатқа дейiн немесе аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары бекiткен өзге уақытқа дейiн жалғасады, бiрақ сағат жиырма екiден аспауға тиiс. 
      14. Дауыс беру аяқталатын уақытта учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы үй-жайды жауып, дауыс беруге арналған үй-жай iшiнде қалған сайлаушылар ғана дауыс бере алатыны туралы хабарлайды.

       3. Сайлау бюллетенiн толтыру 

      15. Дауыс беруге қатысқан әрбiр сайлаушының еркi ескерiлуi үшiн сайлаушы дауыс беруге арналған бюллетеньдi дұрыс толтыруы тиiс. 
      16. Сайлаушы өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының iшiне кез келген белгi соғады (қосу, "V" белгiсi, "ия" сөзi, таяқша, шеңбер, крест және т.б.). 
      Бiреуден артық шаршыға кез келген белгi қойылған, не болмаса олардың бiрде бiрiне қойылмаған сайлау бюллетенi жарамсыз деп танылады. 
      17. Егер дауыс беруге арналған бюллетень дұрыс толтырылмаған, өзгерту немесе түзетудiң өзге тәсiлi байқалса немесе ресми әзiрленбеген болса, онда ол жарамсыз деп танылады және дауыстарды санау кезiнде сайлау бюллетеніне енгізілген жекелеген кандидатты "жақтаймын" немесе "қарсымын есепке алынбайды.<*> 
       Ескерту: Тармақ толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 16 қыркүйектегі N 30/246-1   қаулысымен .
      18. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушылар дауыс беруге арналған жәшiктерге салады. 
      Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыс беруге арналған жәшіктер учаскелік сайлау комиссиясы қатысып тұрған өкілдер мен байқаушылар бюллетеньдердің дауыс беруге арналған жәшіктерге қалай салынғанын көре алатындай орналастырылуы тиіс. 

       4. Алып жүретін жәшіктердің көмегімен дауыс беру 

      19. Сайлаушы денсаулық жағдайына, отбасының науқас мүшесін немесе балаларын күтуіне орай сайлау учаскесіне келуі мүмкін болмаған жағдайда өзінің келген жерінде дауыс беруге хақылы, бұл жөнінде ол учаскелік сайлау комиссиясын хабардар етуі қажет. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігін алу жөніндегі өтінішін жазбаша немесе ауызша бере алады. 
      Сайлаушы өзінің үйінде дауыс беру мүмкіндігін алу жөніндегі ауызша өтінішін оған учаскелік сайлау комиссиясының мұшелері келген кезде жазбаша нысанда растайды. 
      20. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру құқығын беру жөніндегі өтініш негізінде сайлаушылар тізіміне тиісті белгі жасалады. 
      21. Егер сайлаушының бюллетеньді өздігіне толтыруға мүмкіндігі болмаса, ол өзі сенетін адамның көмегін пайдалануына болады. Бұл ретте жасырын дауыс берудің принциптері сақталады. Дауыс берудің құпиясы байқаушылардың, кандидаттардың сенім білдірген адамдарының, сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлаушының қандай да болмасын еркінен тыс бақылау мүмкіндігін болдырмайды. 
      22. Сайлаушы бюллетеньді алғаннан кейін оны өзі толтырады және дауыс беруге арналған алым жүретін жәшіктерге салады. 
      23. Сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берсе, сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады. 
      24. Алып жүретін жәшіктердегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге ықыласы туралы өтініш санымен және сайлаушының алып жүретін жәшіктер көмегімен дауыс бергені жөнінде жазбаша бекітуімен сәйкес болуы тиіс. 

       5. Дауыс беру құқығын беретін куәліктер бойынша дауыс             беру 

       25. Сайлаушылар өздері тұрған жерін ауыстырған жағдайда дауыс беру құқығын беретін куәлігін көрсетуі бойынша сайлаушылардың қосымша тізіміне енгізіледі және барлығымен бірге дауыс береді. 
      26. Дауыс беру құқығын беретін куәліктің нысаны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында сайлау құжаты болып табылады. 
      27. Дауыс беру құқығын беретін куәлікті сайлаушының өтініші бойынша учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыға төлқұжатты, жеке басын куәлендіретін куәлікті, жеке басын куәландыратын уақытша куәлікті, әскери билетті көрсеткенде береді.
      28. Дауыс беру құқығын беретін куәлікті берген учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылар тізіміндегі "ескерту" деген шаршыға дауыс беру құқығын беретін куәліктің берілгендігін жазып, куәлік берген мерзімін көрсетеді.
      29. Дауыс беретін күні сайлаушы өзі дауыс беретін сайлау учаскесіндегі учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне дауыс беру құқығын беретін куәлігін көрсетеді.
      30. Сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басы куәлігінің, төлқұжатының, жеке басының уақытша куәлігінің немесе әскери билетінің мәліметтері бойынша сайлаушылардың қосымша тізіміне енгізіледі, сайлаушы бюллетеньді алғаны туралы қол қойып, жалпы негізде дауыс береді.
      31. Дауыс беру құқығын беретін куәлік негізінде сайлаушылардың қосымша тізіміне енгізілген сайлаушының мәліметтері учаскелік сайлау комиссиясының істерінде қалады.
      32. Дауыс беру құқығын беретін куәлік жоғалған жағдайда қайта қалпына келтірілмейді.     

     6. Мерзімінен бұрын дауыс беру      

     33. Әр сайлаушы мерзімінен бұрын дауыс беруге хақылы.
     34. Егер сайлаушы сайлау күніне жеті күн қалғанда дауыс беруге арналған үй-жайға келе алмайтынын білсе, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беруге арналған бюллетеньді алдын-ала алуға хақылы.
     35. Әр сайлаушы өзі дауыс береді, бұл орайда дауыс беру құпиясы сақталуы тиіс.
     36. Бюллетеньді алу үшін, сайлаушы жеке бас куәлігін, төлқұжатын, жеке басының уақытша куәлігін немесе әскери билетін көрсетуі тиіс.
      37. Сайлаушы бюллетеньді алған кезінде сайлаушылардың тізіміне қол қоюы тиіс. Бюллетеньді учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі береді және бюллетеннің берілгені және сайлаушының мерзімінен бұрын дауыс бергені туралы сайлаушылардың тізіміне белгі қояды. 
      38. Сайлаушы бюллетеньді толтырғаннан кейін оны конвертке салады, өзі желімдейді және учаскелік сайлау комиссиясының кезекші мүшесіне береді. 
      39. Конверттің желімделген жеріне учаскелік сайлау комиссиясының мөрі басылады, не болмаса сайлау комиссиясы мүшелерінің (екеуден кем емес) қолы қойылады. 
      40. Бюллетень салынған конверттер учаскелік сайлау комиссиясында дауыс беретін күнге дейін тек қана учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына немесе хатшысына рұқсат етілген арнаулы сейфте сақталады. 
      41. Конверттердің саны сайлаушылар тізіміндегі мерзімінен бұрын дауыс берілгендігі туралы белгілердің санымен сәйкес болуы тиіс. 
       7. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау 

       42. Сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыстарын санау жергілікті уақыт бойынша жиырма сағатта басталады. Егер сол учаскеде дауыс беру уақыты өзгертілген болса, онда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады. 
      Дауыстарды санау дауыс беру нәтижелері алынғанға дейін үзіліссіз жүргізіледі. Сайлау учаскесіндегі дауыс санауға арналған уақыт дауыс санау басталғаннан 12 сағаттан аспауға тиіс. 
      43. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыс санау өткізілетін стол учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің іс-қимыл санау кезінде барлық қатысушылар жағынан толық көрінетіндей болып орналастырылуы қамтамасыз етіледі. Дауыстарды санауға қатысып тұрған кандидаттың сенім білдірген адамдары және байқаушылар бюллетеньдерді санауды бақылау үшін ыңғайлы қышықтықтан дауыс санауды бақылайды. 
      44. Дауыс беруге арналған жәшіктерді ашар алдында учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері барлық өкілдер мен байқаушыларды қатыстыра отырып пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санайды және оларды бірыңғай тәсілмен есептен ығарады. Есептен шығару тәсілін учаскелік сайлау комиссиясы анықтайды. 
      Есептен шығарылған бюллетеньдер жеке бумаға оралып, байланады және сыртына жазылып қойылады. 
      45. Стационарлық және дауыс беруге арналған жәшкітердің пломбылары немесе мөрлерінің бүтіндігі тексеріледі. Жәшіктердегі пломбылар мен мөрлердің бүтіндігіне көз жеткізу барлық комиссия мүшелеріне, өкілдер мен байқаушыларға ұсынылады. 
      46. Дауыс беруген арналған жәшіктер ашылады. Бюллетеньдерді санау кезінде: 
      1) белгіленбеген үлгідегі, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған сайлау бюллетеньдері бөлініп алынады. Белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саналады, бөлеу бумаға байланады және сыртына жазылып қойылады; 
      2) белгіленген үлгідегі сайлау бюллетеньдері саналады. 
      47. Жәшіктердегі конверттерді ашу кезінде олардағы сайлау бюллетеньдерінің саны тексеріледі. Егер конверттен бір сайлаушының қажеттілігінен артық бюллетеньдер алынса, онда конверттегі барлық сайлау бюллетеньдері жарамсыз деп танылады, конверттен алынған барлық сайлау бюллетеньдерін жарамсыз деп тану туралы акт жасалады. 
      48. Бюллетеньдердің жарамдылығы жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру арқылы шешеді. Бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданады. 
      49. Даустарды санаудың нәтижелері хаттамаға енгізіледі, учаскелік сайлау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және тиісті сайлау комиссиясына жедел түрде беріледі. 
      50. Барлық сайлау бюллетеньдері тиісті жазуларымен бумаға оралып, байланады, сайлау комиссиясы мүшелерінің (екеуден кем емес) қолы қойылады және мөр басылады. 
      51. Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау бюллетеньдерін сақтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 1999 жылғы
7 шілдедегі N 19/221 қаулысымен
Бекітілген

       Дауыс берудің нәтижелері туралы учаскелік, округтік 
    және тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын 
                  жасау және беру жөніндегі 
                       Нұсқаулық 

       1. Дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамаларды жасау 

      1. Өткізілген дауыс санаудың дұрыстығы тексерілгеннен кейін дауыс берудің хаттамасы толтырылады. 
      2. Учаскелік сайлау комиссиясы хаттаманы толтыру кезінде цифрлар тиісті тармақтарға енгізіледі. 
      Хаттамаға мына мәліметтер енгізіледі: 
      1) Хаттаманың 1 тармағына тізімге енгізілген сайлаушылардың қосымша тізімге енгізілген сайлаушыларды қоса алғандағы жалпы саны көрсетіледі. Соның ішінде: 
      а) тармақшасында сайлаушылардың негізгі тізіміне енгізілген учаскедегі сайлаушылардың саны көрсетіледі; 
      б) тармақшасында сайлаушылардың қосымша тізіміне енгізілген учаскедегі сайлаушылардың саны көрсетіледі; 
      2) Хаттаманың 2 тармағында сайлау бюллетенін алған сайлаушылар саны көрсетіледі, ол сайлаушылар тізіміндегі сайлау бюллетенін алғандығы туралы қойылған қолдарды санау жолымен белгіленеді. 
      3) Хаттаманың 3 тармағында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны көрсетіледі, ол дауыс беруге арналған жәшіктердегі бюллетеньдерді санау жолымен белгіленеді. Соның ішінде: 
      а) тармақшасында дауыс беруге мерзімінен бұрын қатысқан (конверт бойынша) сайлаушылар саны көрсетіледі, ол конверттегі бюллетеньдерді санау жолы арқылы белгіленеді; 
      б) тармақшасында дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны көрсетіледі, ол дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкіндігі туралы жазбаша өтінішті санау және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы жазбаша дәлелдеу жолымен белгіленеді. 
      4) Хаттаманың 4 тармақшасында әр кандидатқа, әр саяси партияға берілген дауыстардың саны көрсетіледі, ол сайлаушының тиісті саяси партияның, кандидат тегінің оң жағындағы шаршыға кез келген белгі қойған жарамды сайлау бюллетеньдерін санау тәсілі арқылы әр кандидат, саяси партия бойынша кезек-кезек белгіленеді. 
      5) Хаттаманың 5 тармағында жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны көрсетіледі. 
      6) Хаттаманың 6 тармағында сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген сайлаушылар саны көрсетіледі, ол "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремін" не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жақтағы шаршысына сайлаушы кез келген белгі қойған жарамды сайлау бюллетеньдерін санау жолымен анықталады. 
      3. Хаттамаға учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының, орынбасарының, хатшысының және мүшелерінің тегі, аты-жөні әліпби тәртібімен қол қоятындай орын қалдырылып орналастырылады. 
      4. Егер хаттамаға қол қою кезінде қандай бір себептермен комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның орнына төрағаның орынбасары не комиссия төрағасының міндеті жүктелген учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қол қояды. 
      5. Дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды қаламмен және түрлі-түсті сиямен толтыруға, сондай-ақ оған қандай да болмасын түзетулер енгізуге жол берілмейді. 
      Дауыс берудiң нәтижелерi туралы хаттамалар сайлау учаскесiнiң үй-жайында дауыс беру аяқталғаннан кейiн дереу сиямен толтырылады;<*> 
       Ескерту: 1 тараудың 5 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 16 қазандағы N 39/264  Қаулысымен .
      6. Хаттама мәтінімен толық немесе оның жекелеген ережелерімен келіспейтін сайлау комиссиясының мүшесі хаттамаға айрықша пікірін тіркеуге хақылы. Мұндай жағдайда комиссия мүшесі хаттамаға "айрықша пікір" деп жазып, өзінің қолын қояды. 
      7. Дауыс берудің нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы бір парақ қағаздың екі жағына да басылып, хаттаманың алдыңғы беті учаскелік сайлау комиссиясы хатшысының қолы арқылы куәландырылады. 
      8. Хаттаманың бір данасы жалпы жұртшылықтың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайына ілінеді. 
      9. Округтік және тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларын жасау учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. 

       2. Дауыс берудің қорытындылары туралы хаттамаларды беру 

       10. Дауыс берудің нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының әр хаттамасы үш данадан жасалады. 
      Бір мандатты аумақтық сайлау округті бойынша дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманың бір данасы тиісті округтік сайлау комиссиясына жедел жөнелтіледі. Саяси партиялар үшін дауыс берудің қорытындылары туралы хаттаманың бір данасы - тиісті аумақтық (аудандық, қалалық, қаладағы аудандық) сайлау комиссиясына жөнелтіледі. 
      Хаттамалардың екінші даналары учаскелік сайлау комиссиясының істерінде қалады. 
      Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi және саяси партиялар үшiн хаттамалар үш данада фельдбайланысы немесе арнаулы байланыс арқылы Орталық сайлау комиссиясына дереу жөнелтiледi;<*> 
      Хаттамалардың көшірмелері жалпы көпшіліктің шолуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайына ілінеді. 
       Ескерту: 2 тараудың 10 тармағындағы 4 бөлім жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 
1999 жылғы 16 қазандағы N 39/264   Қаулысымен
      11. Дауыс берудің қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы тиісті округтік (аумақтық) сайлау комиссиясына күзет арқылы жеткізіледі. 
      12. Хаттаманы округтік (аумақтық) сайлау комиссиясына беру кезінде хаттаманы беру туралы екі дана акт жасалады, оның біреуі округтік (аумақтық), басқасы-учаскелік сайлау учаскесінде қалады. 
      13. Хаттаманы беру туралы актіде хаттаманы берген және қабылдаған тиісті учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, берген уақыты мен мерзімі көрсетіледі. 
      14. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті округтік (аумақтық) сайлау комиссияларының сайлау қорытындылары туралы хаттамасы жасалады (дауыстарды санау). 
      15. Округтік сайлау комиссиясының сайлау қорытындылары туралы хаттамасы екі данада жасалады, біреуі округтік сайлау комиссиясында қалады, басқасы тиісті аумақтық (Орталық) сайлау комиссиясына күзет арқылы жедел түрде жеткізіледі. 
      Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлаудың нәтижелерi туралы учаскелiк сайлау комиссиялары хаттамаларының жалпы ведомостьтары округтер бойынша ұсынылған нысанға сәйкес бiр мезгiлде жасалады және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жөнелтiледi.<*> 
       Ескерту: 2 тараудың 15 тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 16 қазандағы N 39/264   Қаулысымен
      16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыс санаудың қорытындылары туралы хаттамасы екі данада толтырылады, оның біреуі аумақтық сайлау комиссиясында қалады, басқасы тиісті облыстық, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларына күзет арқылы жедел түрде жеткізіледі. 
      17. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларына хаттаманы тапсыру кезінде хаттаманы тапсыру туралы екі дана акт жасалады. Бір акт аумақтық, басқасы-тиісті облыстық, Астана, Алматы қалаларының сайлау комиссияларында қалады. 
      18. Хаттаманы тапсыру туралы актіге хаттаманы тапсырған және қабылдаған тиісті сайлау комиссияларының мүшелері, тапсырған уақыты мен мерзімі көрсетіледі. 
      19. Тиісті аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде дауыс санаудың қорытындылары туралы облыстық, Астана, Алматы қалалары сайлау комиссияларының хаттамасы жасалады.
      20. Облыстық, Астана, Алматы қалалары сайлау комиссиясының дауыстарды санаудың қорытындылары туралы хаттамасы екі данада жасалады, оның біреуі тиісті сайлау комиссиясында қалады, басқасы құзет арқылы жедел түрде Орталық сайлау комиссиясына жеткізіледі.
      21. Дауыстарды санаудың қорытындылары туралы сайлау комиссияларының  хаттамаларын сақтау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының тиісті қаулысымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.