Мәслихаттың 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Шешім
Өзгерту
Қабылдау күні
12.07.2019
Өзгерту күні
03.07.2019
Актіні қабылдаған орган
Сарыкөл ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сарыкөл кентінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 8 тамыздағы № 202 шешіміне (2014 жылғы 9 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5017 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      қазақ тіліндегі көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Мәслихаттың
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 271 шешіміне қосымша
  Сарыкөл
аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 тамыздағы
№ 202 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін кент тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінің тұрғындары үшін

30