"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Актінің түрі
Жарлық
Өзгерту
Қабылдау күні
29.08.2018
Өзгерту күні
29.08.2018
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Президенті

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6, 10, 56-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 1-қосымшада:

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

6203
5975

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)

6243
6015

      ";

      жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 3-қосымшада:

      "Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары" деген жолдағы "456" деген цифрлар "458" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары" деген жолдағы "2143" деген цифрлар "2161" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев