Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын мерекелеудi дайындау және өткiзу туралы

Актінің түрі
Жоспар
Қаулы
Қабылдау күні
13.06.2005
Өзгерту күні
24.08.2005
Актіні қабылдаған орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі)

      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын мерекелеудi дайындау және өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын (бұдан әрi - Парламенттiң 10 жылдығы) мерекелеудi дайындау және өткiзу жөнiндегi комиссия құрылсын.

      2. Қоса берілiп отырған Парламенттiң 10 жылдығын мерекелеу iс-шараларының жоспары бекiтілсiн.

      3. 2005 жылы iс-шараларды қаржыландыру 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделетiн қаражат шегiнде тиiстi бюджеттiк бағдарламалар және кiшi бағдарламалар шеңберiнде жүзеге асырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінiң       
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 589 қаулысына    
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын
мерекелеудi дайындау және өткiзу жөнiндегi
комиссияның құрамы

Мұхамеджанов              - Қазақстан Республикасының Парламентi
Орал Байғонысұлы            Мәжiлiсiнiң Төрағасы (келiсiм бойынша),
                            төраға

Бәйгелдi                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Өмiрбек                     Сенаты Төрағасының орынбасары (келiсiм
                            бойынша), төрағаның орынбасары

Дьяченко                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Сергей Александрович        Мәжiлiсi Төрағасының орынбасары
                            (келiсiм бойынша), төрағаның орынбасары

Әйтiмова                  - Қазақстан Республикасының
Бiрғаным Сарықызы           Бiлiм және ғылым министрi

Балиева                   - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы             Әдiлет министрi

Дунаев                    - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы          Қаржы министрi

Келiмбетов                - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы             Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                            министрi

Қосыбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы            ақпарат және спорт министрi

Сәйденов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Әнуар Ғалимоллаұлы          Төрағасы (келiсiм бойынша)

Жалыбин                   - Қазақстан Республикасының Парламентi
Сергей Михайлович           Мәжiлiсiнiң депутаты (келiсiм бойынша)

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының Парламентi
Қуаныш Сұлтанұлы            Сенатының депутаты (келiсiм бойынша)

Әбдiрайымов               - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Бақытжан Жарылқасымұлы      Қазақстан Республикасының
                            Парламентiндегi өкiлдiгiнiң басшысы
                            (келiсiм бойынша)

Алпысбеков                - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қуаныш Махмұтұлы            Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
                            орынбасары - Қазақстан Республикасы
                            Yкiметiнiң Қазақстан Республикасы
                            Парламентiнiң Мәжiлiсiндегi өкілi

Жақыпов                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қабиболла Қабенұлы          Министрiнiң Кеңсесi Басшысының
                            орынбасары - Қазақстан Республикасы
                            Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы
                            Парламентiнiң Сенатындағы өкiлi

Рахымжанов                - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Нұрлан Төлеуғазыұлы         Мәжiлiсi Аппаратының басшысы (келiсiм
                            бойынша)

Өтембаев                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Ержан Әбілхайырұлы          Сенаты Аппаратының басшысы (келiсiм
                            бойынша)

Тоғаев                    - Қазақстан Республикасының Парламентi
Әдiл Құдайбергенұлы         Шаруашылық басқармасының бастығы
                            (келiсiм бойынша)

Шөкеев                    - Астана қаласының әкiмi
Өмiрзақ Естайұлы

Шәкiров                   - Қазақстан Республикасының
Асқар Оразалыұлы            Сыртқы iстер министрінің
                            орынбасары 
      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.24. N  868 қаулысымен.       

     Қазақстан Республикасы 
Yкiметінiң       
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 589 қаулысымен    
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 10 жылдығын
мерекелеу iс-шараларының жоспары

P/c
N

Іс-шара

Орындау мерзiмi

Орында-
луына жауаптылар

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

1

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламентiнiң үш шақырылымы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi депутаттарының, Үкiметi мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгi мен мемлекеттiк органдар басшыларының, қазақстандық қоғам өкiлдерiнiң қатысуымен салтанатты жиналыс, мерекелiк мерейтойлық концерт өткiзудi қамтамасыз ету

2006 жылғы қаңтар

Қазақстан Республи-
касының
Парламентi (келiсiм бойынша), MACM

Қазақстан Республи-
касы
Парламен-
тiнiң Мәжiлiсi Бюросының және Сенаты Бюросының қаулылары, министрдiң бұйрығы

2

"Қазақстан Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерейтойлық медалiн тағайындауды ұйымдастыру

2005 жылғы желтоқсан

Қазақстан Республи-
касы Президен-
тiнің Әкiмшiлігі (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республи-
касы Президен-
тінiң Жарлығы

Елдiң мемлекет және қоғам қайраткерлерiн "Қазақстан
Республикасының Парламентiне 10 жыл" мерейтойлық медалiмен марапаттауды ұйымдастыру

2006 жылғы
қаңтар

Қазақстан Республи-
касы
Президен-
тiнiң Әкiмшiлiгi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Парламентi (келiсiм бойынша), ҰБ (келiсiм бойынша)

Салтанатты марапаттау
рәсімі

4

Маркалар мен өңiрлiк белгiлердiң мерейтойлық сериясын жаппай шығаруды ұйымдастыру

2005 жылғы
желтоқсан

ҰБ (келiсiм бойынша), АБА

Маркалар-
ды, өңiрлiк белгілердi шығару

5

Бұқаралық ақпарат құралдарында мерейтойға арналған iс-шараларды кеңiнен жария етудi
қамтамасыз ету

2005 жылғы маусым - 2006 жылғы қаңтар

МАСМ

Мемлекет-
тiк тапсырысты орындайтын БАҚ-та ақпараттық материал-
дарды шығару

6

Егемендi Қазақстанның қоғамдық саяси, әлеуметтiк экономикалық және ғылыми-білiм беру саласындағы оң өзгерiстердi көрсететiн ғылыми, публицистикалық, әдеби кiтаптар мен брошюралардың сериясын дайындауды және шығаруды қамтамасыз ету

2005 жылғы маусым - 2006 жылғы қаңтар

МАСМ, БҒМ

Кiтаптар мен брошю-
раларды басып шығару

7

Мерейтойға арналған iс-шараларға дайындық және
оны өткiзу барысын ақпараттық жария ету жөнiндегi медиа-жоспар әзiрлеу және iске асыру

2005 жылғы
маусым - 2006 жылғы қаңтар

МАСМ

Ақпараттық
материал-
дарды және
телехабар-
ларды шығару

      Қолданылатын қысқартулар:
      МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгi
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
      ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
      АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттiгi