Қазақстан Республикасының министрліктері мен комитеттері

Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлердің орынбасарлары Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша Үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері құрылады. Министрліктің құрылымында министрлік қызметіне тапсырылған салаларды тікелей басқаруды жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын және көлденеңнен жергілік әкімшілікке бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрліктер оларға тапсырылған басқару салалардың жағдайына және одан әрі дамуы үшін, ғылыми – техникалық ілгерілеуі үшін, осы саланың барлық өнімдеріне деген мемлекет мұқтаждығының толық қанағаттануына жауап береді. Министрліктер тапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі барлық мәселелерді шешуге өкілетті, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді шешу және жобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен байланысты және өз ара қарым-қатынастарды жүзеге .

  

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі​

 

Cоңғы өзгеріс: 12.08.2021