Egov.kz мобильдік қосымшасы

«Мобильдік үкімет» жобасы аясында eGov.kz мобильдік қосымшасы жасап шығарылды. Қосымша Android, iOS, Windows Phone  базасындағы Android, iOS, Windows Phone базасындағы смартфондарға ие пайдаланушылар үшін Google Play, App Store, Windows Market онлайн-дүкендерінде келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:
 

Egov.kz  мобильдік қосымшасы   Google Play (OS Android, Android талап етілетін нұсқасы - 4.0 немесе одан да кеш).

img-20150708-wa0000-1_2.jpg

 

 

Egov.kz мобильдік қосымшасы Windows Market-те (OS Windows Phone, Windows Phone талап етілетін нұсқасы - 8.0 немесе одан да кейінгісі).

screenshot_2015-07-08-12-03-34-1_0.jpg

Ескертпе: Қосымша Windows Phone базасында файлдық ЭЦҚ жұмысын қолдамайды.

 

App Store-да Egov.kz мобильдік қосымша (OS iOS, талап етілетін нұсқа iOS - 7.0 месе соңғы).

 

Мобильді қосымшаны Мобильдік үкіметте тіркелген ҚР азаматтары пайдалана алады. Мобильдік үкіметте тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтуге болады:

  1. Электронды үкімет порталы (ЭҮП).
  2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ.
  3. Egov.kz мобильдік қосымша.

Мобильді үкіметте тіркелу туралы толығырақ.

Мобильді қосымшаны активтендірген соң қолданушыға қызметтің кең спектрі қолжетімді болады.

Біріншіден, Авторланусыз қызметтер. «Қосымша қызметтер» тарауында «Қонақ» режимінде кіруді жүзеге асырып, «Қол жетімді қызметтер» тарауында келесі қызметтер қол жетімді:

  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау
  2. Балабақшаға кезек нөмірін қарау
  3. Лицензиялар және рұқсаттарды тексеру
  4. Кезекті онлайн брондау
  5. ТҚЖБ-не депозиттік/несиелік шотты толықтыру
  6. Мобильдік байланысты төлеу
  7. Техникалық тексерістен өтудің қолданыс мерзімін қарау
  8. Жеке кәсіпкердік мәртебесін тексеру
  9. Атқару өндірістері бойынша борышкерлер тізілі және шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру
  10. Салық қарызын қарау және тексеру

Екіншіден, Мобилдік жеке кабинет.  Мобильдік жеке кабинетте сіз өзіңіздің тіркелу мекенжайыңыз, бар жылжымайтын мүлік, автокөлік, ЖҚЕ бұзғаны үшін тіркелген айыппұлдардың болуы туралы ақпаратты және т.б. ақпаратты қарай аласыз, сондай-ақ Электрондық үкімет порталындағы мәліметтер негізінде жиналған пайдаланушының негізгі оқиғаларын қарау үшін «Timeline» ұсынылған.

Жеке кабинет тарауларының толық құрамын қарау үшін смартфон жадына ауыстырылатын пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы бойынша кіруді жүзеге асыру қажет.

Үшіншіден, Қызметтер каталогы. Мобильдік қосымшада 80-нен астам әр түрлі сервистер ұсынылған, олардың ішінде

  • ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар туралы, Борышкерлер тізіліміне қосу туралы, балабақшаға кезектің өзгеруі туралы хабарламалар және т.б. PUSH және/немесе SMS форматында жіберіледі;
  • мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, соттылығы немесе жылжымайтын мүліктің болмауы туралы, мемлекеттік қызметкерлердің тестілеу сияқты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және көптеген басқалары;
  • ақпараттық сервистер: балабақшаға, тұрғын үйге кезекті қарау, автокөліктің техтексеріс мерзімдерін өзгерту туралы, салық қарызының болуы туралы ақпарат;
  • төлемдер: ұялы байланыс қызметтерін төлеу, сондай-ақ әр түрлі алымдар мен төлемдер.

Белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ болу қажет, оны SIM-картада жазуға немесе файлдық ЭЦҚ мобильдік телефонда импорттауға  болады.  

Egov мобильдік қосымшасының пайдаланушыға қол жетімді қызметтері және сервистерінің тізбесі

1.Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру

2.Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама беру

3.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру

4.Жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпарат беру

5.Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша анықтама беру

6.Некені тіркеу туралы анықтама беру

7.Туу туралы анықтама беру

8.Жер учаскесіне кадастрлік ақпаратты алу

9.Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру

10.Мекен-жай анықтамасын беру

11.Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар алу

12.Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы жеке тұлғаға анықтама беру

13.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

14.Заңды тұлғаның филиалдары және өкілдіктерінің болуы туралы анықтама алу

15.«Басқа заңды тұлғаларға заңды тұлғаның қатысуы туралы» анықтама беру

16.Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда, филиалдарда және өкілдіктерде қатысуы туралы анықтама беру

17.«Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің барлық тіркеу әрекеттері туралы» анықтама алу

18.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу

19.Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру

20.Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымды атқаруға үміткерлер және мемлекеттік қызметкерлерді тестілеу

21.Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)

22.Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру

23.Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтамаларды беру

24.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу

25.Дәрігерді үйге шақыру

26.Дәрігердің қабылдауына жазылу

27.Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру

28.Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

29.Салық қарызын қарау және төлеу

30.Мүгедектікті растау туралы ақпаратты алу

31.Баланың тууына және оның бір жасқа толуы бойынша бала күтіміне жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпаратты алу

Сервистер

1.Балабақшаға кезек нөмірін қарау

2.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезек нөмірін қарау

3.Лицензияларды тексеру

4.Электрондық өтініштер

5.Чектерді тексеру

6.ЭҮП құжаттарды тексеру

7.Кезекті онлайн брондау

8.Дәріханаларды іздеу

9.Заңды тұлғаның атауының бірегейлігін тексеру

10.Техникалық тексерістен өтудің қолданыс мерзімдерін тексеру

11.Жеке кәсіпкер мәртебесін тексеру

12.Атқару өндірістері бойынша борышкерлер тізілімі және шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығу шектелген борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру

Төлемдер

  1. Мобильдік байланысты төлеу
  2. "Қазақтелеком" АҚ байланыс қызметін төлеу
  3. ТЖҚБ-ндағы депозит/несие шотын толықтыру
  4. Коммуналдық қызметтерді төлеу
  5. Жеке тұлғалардың мүлкіне салықты төлеу
  6. Жеке тұлғалардың салықтарына өсімпұлдар, айыппұл, берешектерді төлеу
  7. Елді мекендердің жеріне жеке тұлғалардың жер салығын төлеу
  8. Жеке тұлғалардың көлігіне салықты төлеу
  9. Жол қозғалысы ережелерін бұзу үшін айыппұлдарды төлеу
  10. Жүргізуші куәлігін айырбастау және алу үшін мемлекеттік баж алым
  11. Жеке куәлікті алу үшін мемлекеттік баж алым
  12. Тұрғылықты мекен-жайға тіркелу үшін мемлекеттік баж алым
  13. Төлқұжатты алу үшін мемлекеттік баж алым

Үшіншіден, Хабарламалар алуға жазылу. Ақпараттық сипаттағы хабарламаларды алуға PUSH, SMS или e-mail (по выбору) на мобильный телефон каналдары бойынша жазылу, мысалы: құжаттардың дайын екендігі туралы, ЖҚЕ бұзғаны үшін және айыппұл сомасы  туралы, сондай-ақ көптеген басқалары. SMS  үшін ақша алынбайтынын атап өткіміз келеді.

Төртіншіден, Объектілер картасы. Жақын мемлекеттік объектілер, нотариустар, балабақшалар, дәріханалар және т.б. объектілерді қарау үшін мобильдік қосымшада қозғалыс маршрутын көрсету мүмкіндігі бар карта әзірленген.

Сондай-ақ пайдаланушылары әр түрлі сауалнамаларда, соның ішінде мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мақсатымен қатыса алады.

Cоңғы өзгеріс: 23.12.2016