Egov.kz SMS бойынша қызметтері

Мемлекеттік қызметтерді кезектерде уақыт жоғалтпай онлайн алу – жеңіл әлі ыңғайлы. Санаулы минуттарда айыппұл төлеп, қажетті анықтама алуға болады. 2014 жылы біздің мемлекет «Мобильді үкімет» жобасын іске асырып, электронды үкіметтің мүмкіншіліктерін кеңейтті.  Енді қызметті алу оданда жеңіл бола түсті, ең бастысы тез. Мобильді үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон, планшет, және дәстүрлі телефондар арқылы алу және хабарламалардың түрлі типтерін алуға мүмкіндіктер береді.  

«Мобильді үкіметтің» басты жаңалығы – қызметті смс-хабарлама жіберу арқылы алу. Қолданушылар оңайлықпен мысалы  техникалық байқаудың жарамды мерзімін, тұрғын үйге кезегін және т.б. біле алады.

Қазіргі уақытта қолданушылар келесі қызметтерді ала алады:

 

  1. Техникалық байқаудың жарамды мерзімін қарау.
  1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезегінің нөмірін қарау.
  2. Мектепке дейінгі мекемелердегі кезекті қарау

SMS арқылы қызметтерді алу  – хабарламалары тегін екенін атап өтеміз.

«Техникалық байқаудың жарамды мерзімін қарау» қызметін алу үшін:

  1. 1414 қысқа нөміріне келесі нұсқаулар бойынша текст жіберу:

    -Техосмотр [МТНБ нөмірі]

    -Techosmotr [МТНБ нөмірі]

    -Техникалык байкау [МТНБ нөмірі]

    -Tehnikalyk baikau [МТНБ нөмірі]

    -8 [МТНБ нөмірі]

МТНБ – бұл келесі формат түрлеріне сәйкес автокөлік құралының Мемлекеттік тіркелу нөмірлі белгісі это – [000 ААА 00], [А 000 ААА].

Мысалы, хабарлама тексті: «Техникалық байқау 381exa01»

  1. Біраз уақыттан соң мобильді құрылғыға сәйкес тілде қызмет нәтижесі туралы sms-хабарлама келеді.

ГРНЗ 00AAA000, Модель Mazda, Дата осмотра 01.01.14 г. Дата истечения: 01.01.15 г

GRNZ 00AAA000, Model Mazda, Data osmotra 01.01.14 g, Data istechenya: 01.01.15 g

МТНТ 00AAA000, Mazda сүлбісі, Байқау күні 01.01.14 ж. Аяқталу күні: 01.01.15 ж

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге кезегінің нөмірін қарау» қызметін алу үшін келесі әрекеттер қажет:

  1. 414 қысқа нөміріне келесі нұсқаулар бойынша текст жіберу:

  - 4 [ЖСН]

  - Ochered' na zhil'e [ЖСН]

  - Очередь на жилье [ЖСН]

  - Тургын үйге кезек [ЖСН]

  - Turgyn uige kezek [ЖСН]

  - 4

  - Ochered' na zhil'e

  - Очередь на жилье

  - Тургын үйге кезек

  - Turgyn uige kezek

Мысалы, хабарлама тексті: «Тұрғын үйге кезек нөмірі 910209450613»

  1. Біраз уақыттан соң мобильді құрылғыға сәйкес тілде қызмет нәтижесі туралы sms-хабарлама келеді.

[ЖСН]. № очереди [кезек нөмірі], [Аудан]

[ЖСН]. № ocheredi [кезек нөмірі], [Аудан]

[ЖСН]. Кезек № - [кезек нөмірі], [Аудан]

 «Мектепке дейінгі балалар мекемелерге кезекті қарау» қызметін алу үшін қажет:

1414 қысқа нөміріне келесі нұсқалардың бірін жіберу:

1. 5 [баланың ЖСН]

2. Ochered' v detsad [баланың ЖСН]

3. Бала-бақшаға кезек [баланың ЖСН]

4. Bala-bakshaga kezek [баланың ЖСН]

5. Балабақшаға кезек [баланың ЖСН]

Мобильдік құрылғыға кішігірім уақыттың ішінде тиісті тілдегі қызмет нәтижесімен жауап sms-хабарлама келеді.

 [баланың ТА]. № ocheredi [кезек нөмірі], v [Аймақ]

 [баланың ТА]. кезек № [кезек нөмірі], [Аймақ]

 [баланың ТА]. Кезек № - [кезек нөмірі], [Аймақ]

Cоңғы өзгеріс: 12.06.2020