Жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру (сұралып отырған жер учаскесінің схемасын сызу арқылы өтінім берген кезде)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Ақылы

Қызмет көрсету мерзімі

порталда – 20 күн

Қызметтің толық атауы
Жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру (сұралып отырған жер учаскесінің схемасын сызу арқылы өтінім берген кезде)

Қызметті онлайн алу: 

  1. «Электронды үкімет» порталында (бұдан әрі – ЭҮП) авторизациядан өтіп және «Онлайн сұратым» батырмасы бойынша өту.
  2. «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында сұратылған жер учаскесін сызып көрсету.
  3. Өтінімді толтыру және қол қою.
  4. Сауда-саттық қорытындылары бойынша:

Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп анықтамаған жағдайда:

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сауда-саттыққа басқа қатысушыны жеңімпаз деп анықтауға байланысты бас тарту туралы хабарламамен танысу қажет.

Өтінім берушіні сауда-саттықта жеңімпаз деп айқындаған жағдайда:

ЭҮП-да жер учаскесін немесе жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша ақы төлеу.

  1. ЭҮП-да кадастрлық есепке қоюға және құқықтарды тіркеуге өтінім беру. Төлем құжатын жүктеу. ЭҮП-да кадастрлық қызметтерге ақы төлеу.
  2. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарламамен танысу.

Онлайн қызмет пилоттық режимде Ақтөбе қаласы бойынша ғана қолжетімді.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Кадастрлық есепке қою және құқықтарды тіркеу туралы хабарлама, жылжымайтын мүлік объектісіне кадастрлық паспорт (қажет болған жағдайда) немесе бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.