Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін 

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

ұсынылған, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру үшін негіздемелер болған кезде – 5 жұмыс күніне;

қосымша құжатты (құжаттарды) талап ету қажет болған кезде – 30 жұмыс күні мерзіміне ұзартылады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы 5 жұмыс күні ішінде хабардар етеді;

Порталда – 30 минут.

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қойыңыз.
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) алынған құжатпен танысып, талап ету орны бойынша ұсыныңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  3. мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін жұмыс сипаты мен еңбек жағдайы туралы анықтама;

Ескертпе

  1. Өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар: 
  • еңбек кітапшасы;
  • еңбек кітапшасы болмаған немесе жарамсыз болған, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаған, түзетулер, дәлсіздіктер, әртүрлі оқулар болған кезде архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар.

Бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады: 

Жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткенін растау үшін келесі құжаттардың бірі ұсынылады (олардың бар-жоғына қарай):

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Порталда жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпарат.