Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
«Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы»
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу

Қызметті порталдан немесе мемлекеттік органнан қағаз түрінде (не электрондық түрде (www.is.ncste.kz ақпараттық жүйесінен) қалай алуға болады (қажетті құжаттар): 

  1. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға:
  • тіркеу картасы 3 - қосымшаға сәйкес;
  1. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаға келесі қосымшалар:
  • Ф1 - біріздендірілген нысан "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" 4-қосымшаға сәйкес;
  • Ф1 – біріздендірілген нысанға "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" титулдық беті 5-қосымшаға сәйкес;
  • ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жетекшісінің қолы қойылған түсіндірме жазба;
  • ағымдағы жылы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын, бағдарлама жетекшісі қол қойған құжат;
  • Ф1 - түзету нысаны "Кеңейтілген ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаның көрсеткіштері" 6-қосымшаға сәйкес;
  • ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы (жылдық) есеп 7-қосымшаға сәйкес;
  • ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы мәлімет 8 -қосымшаға сәйкес;
  1. ғылыми, ғылыми-техникалық жоба/бағдарламаның орындалуы туралы есеп, Мемлекетаралық стандартына сәйкес ресімделген МЕМСТ 7.32-2017 "Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп" және нысан бойынша ақпарат картасы 9 - қосымшаға сәйкес;
  2. 10 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін тіркеуге өтінім түрінде ресімделген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі және 11 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді еспке алу жөніндегі нысандар; (қажет болған жағдайда) ұсынылады: 12 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері (бұдан әрі- ҒҒТҚН) туралы мәліметтердің өзгергені туралы хабарлама; 13 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану туралы мәліметтер; 14 - қосымшаға сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін мемлекеттік тізілімінен ҒҒТҚН-ны алып тастау туралы хабарлама.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаға – мемлекеттік тіркеу нөмері берілген тіркеу картасы;
2) ғылыми-техникалық бағдарламаға – шифр берілген куәлік;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың орындалуы бойынша есепке - инвентарлық нөмір берілген ақпарат картасы;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне - мемлекеттік тіркеу нөмері берілген өтінім.