Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішті ұсынады.
  2. "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы).
  4. Асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі.
  5. Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар немесе мәліметтер, баланың (балалардың) туу туралы мәліметтері, қайтыс болған асыраушының консулдық легализациясы не арнайы штампы (апостилы) болған кезде шет мемлекеттердің құзырлы органдары берген баланың Қазақстан Республикасынан тыс жерде тууын тіркеу туралы және неке (ерлі-зайыптылық) және некені бұзу туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер.
  6. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің күндізгі оқу нысанында білім алушылар немесе білім алушылар болып табылатыны туралы қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамалар (жыл сайын жаңартылады).
  7. Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат ұсынылады.

Проактивті қызмет арқылы:

  1. Әлеуметтік төлем тағайындау үшін-проактивті қызмет көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтер көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банктік шот нөмірін растау немесе ұсыну туралы хабарлама жіберіледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік тәуекелдер жағдайына төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Проактивті қызмет көрсету кезінде: көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарламалар.