Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу (қоныс аударушыларға)

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Жұмыспен қамту орталығы
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

14 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

Қызметті мемлекеттік органнан немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:

  1. Қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса).
  2. Неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда).
  3. Білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу немесе бас тарту туралы шешім.