Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және қалалардың ЖАО
Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Ауылдық округ әкіміне, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 жұмыс күні.

Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген  жағдайларда – 20 жұмыс күні.

Қызметтің толық атауы
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау

Қызметті онлайн алу

  1.  Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және  ЭЦҚ-мен қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).  Өтінімде мәліметтерді көрсету: «Қазпочта» АҚ немесе Екінші деңгей банкінде («Халық банкі» АҚ) ашылған дербес есепшотының нөмірі (IBAN).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)

  1. Жеке куәлік.
  2. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат.
  3. Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер.
  4. Адамның табыстары туралы мәліметтер (отбасы мүшелері).
  5. Қиын өмірлік жағдайдың орын алуын растайтын құжат және/немесе акт.

Қызмет көрсету нәтижесі

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.