Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Жұмыспен қамту орталығы
Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкімі
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Орталыққа жүгінген кезде – құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні
Тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне - 10 (он) жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

Қызметті Мемлекеттік органда (Халықты жұмыспен қамту орталығы және Ауылдық округ әкімі)(қажетті құжаттар):

  1. Өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбек етуге қабілетті отбасы мүшелері:

  • Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті ұсынады.

Он алты жасқа толмаған адамның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі.

Көрсетілетін қызметтерді беруші өтінішті қабылдаған кезде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуларды келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:

  1. Жеке басты куәландыратын.
  2. Оралман мәртебесі туралы.
  3. Отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты немесе уақытша жері бойынша тіркеу туралы.
  4. Жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы.
  5. Мүгедектікті белгілеу туралы.
  6. Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы.
  7. Қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы.
  8. Бала асырап алу туралы.
  9. Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы.
  10. Егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы.
  11. Табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар).
  12. Жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы.
  13. Өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы.
  14. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы.
  15. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса).
  16. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке жарамды мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы.
  17. Алимент туралы не берешектің болуы туралы.
  18. Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы.

Қызмет алушы жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз нұсқада ұсынуға құқылы.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәйекті жауап.