Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Жүгінген күні.

МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге куәландырылатын адамды және (немесе) куәландырылатын адамның құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда - өтінішті тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күн.

Порталда – көрсетілетін қызметті алушы мүгедектікті растау туралы ақпаратты алу үшін өтінімге қол қойған сәттен бастап 1 сағат.

Қызметтің толық атауы
Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау

 Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүргізіледі.
Мүгедектікті растау туралы ақпарат беру "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталының "жеке кабинеті" арқылы ЭЦҚ және/немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша беріледі.

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

МӘС және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды (электрондық үкімет) шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұрап алады:

  1. Куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет.
  2. Адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәлімет.
  3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды.
  4. Медициналық ұйым оны әзірлеген жағдайда, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша пациентті/мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі).
  5. Ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер. Болған жағдайда – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері.
  6. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде.
  7. Алғашқы куәландыру кезінде, еңбек етуге қабілетті жастағы адамдарға қатысты – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған жағдайларда, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады.
  8. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алғаш рет белгіленген жағдайларда – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер.
  9. Өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін – "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).
  10. Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі.
  11. Кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
  12. Жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәлімет.
  13. Қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген жағдайда қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер.
  14. Куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – "Мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу кітапшаларын жинақтау формаларын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілген куәліктерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады".

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіде қағаз түрінде:

Көрсетілетін қызметті алушыға мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік туралы анықтама.
Көрсетілетін қызметті алушыға ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі әзірленген жағдайда – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектер үшін – ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігі.

Көрсетілетін қызметті алушыға ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі әзірленген жағдайда – мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме. Еңбек жарақаты және/немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектер үшін – ОЖБ-ның кәсіптік бөлігі.

Көрсетілетін қызметті алушыға жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – жалпы еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесі туралы анықтама.

Көрсетілетін қызметті алушыға кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтамадан және медициналық-әлеуметтік сараптама актісінен үзінді көшірме.

Зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы айқындалған жағдайларда – зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлері мен күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды.

Кезекті қайта куәландыру кезінде мүгедек болып танылмағандарға – толық оңалту туралы хабарлама.

Алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмағандарға – МӘС-тің сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама.

2) Электрондық портал арқылы:

Мүгедектікті растау туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде куәландырылатын адам алған, көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық нысандары қызмет алушының "жеке кабинетіне" жолданады.