Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде, құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияда тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті белсенді түрде көрсету кезінде қызметті тағайындау мерзімі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, бірақ заңның 11-бабының 1) тармағына сәйкес зейнетақы жасы басталған күнгі инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде оны тағайындаған күннен бастап көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі кезінде:

ұсынылған құжаттардың, оның ішінде ақпараттық жүйелерден құжаттардың дұрыстығын тексеру үшін негіздердің болуы – 10 жұмыс күніне;

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап инфляция деңгейі туралы ақпараттың болмауы – 25 жұмыс күніне дейін (қызмет проактивті қағидат бойынша көрсетілетін тұлғаларды қоспағанда);

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы көрсетілетін қызметті алушының жеке зейнетақы шоты бойынша деректерді қайта сұрату үшін негіздер болған кезде – 25 жұмыс күніне дейін.

Қызметтің толық атауы
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Нысан бойынша өтініш.

Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен және бұл ретте зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы тармақтың үшінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген өтініш пен құжаттарды бермейді. Осы санаттағы адамдарға мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында белгіленген мерзімде проактивті қағидат бойынша көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау кезінде жеке басын куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді, мүгедектігі туралы анықтамаларды «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мыналар қоса беріледі:

жеке өтініш білдірген кезде:

Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты).
  2. Тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін-тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы).
  3. Алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Өтінішке шетелдіктердің алушылар болып табылатын, зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар зейнетақы және Қазақстан Респубикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шығушылар мыналарды қоса береді:

алушы жеке өтініш білдірген кезде:

  1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт (сенім білдірілген тұлға жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады).
  2. Екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.

Алушы атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  2. Сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер сенімхатта сенім білдірушінің мүдделерін бір мезгілде бірнеше ұйымда білдіру жөніндегі өкілеттіктер болса).

Мұрагер мыналарды ұсынады:

  1. Нысан бойынша өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
  4. Мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.
  5. Мұрагердің банктік шотының нөмірі туралы ақпарат.

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қорғаншылары немесе қамқоршылары:

  1. Нысан бойынша өтініш.
  2. Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты).
  3. Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеуді растайтын құжат.
  4. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы өтініште көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысына sms-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.