Салық берешегін қарау және төлеу
Тегін
Қарыздың жоқтығы туралы мәліметтер-10 минутқа дейін (онлайн режимде).
Салық міндеттемесін орындау, сондай-ақ аудару бойынша міндеттемелерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме жазба беру –салықтық өтінішті алған сәттен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей
Қазына шотына ақшаны аудару 2 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қате есептелген қаражатты аудару тәртібі ҚР Салық кодексінің 101-108 - бабына сәйкес анықталады.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.
Қызметті онлайн алу
- "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
- Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді). Қарыз туралы мәліметтер бірден "Сұранысты жіберу" батырмасын басқаннан кейін пайда болады.
- Салық берешегі бар болған кезде берешекті онлайн төлеуге болады.
Қызметті Мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):
- Қарыздың болмауы (болуы) туралы мәліметтерді алуға арналған сұраныс.
- Салық өтініші - көшірмені алу үшін.
- Жеке куәлік (қызмет алушының тұлғасын сәйкестендіру үшін).
Қызмет үшін төлемді өзініздің банк картасымен ғана төлеуіңіз жөн.
Қызмет көрсету нәтижесі
Салық берешегінің , міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болуы (болмауы) туралы анықтама алу, кейін онлайн-төлеу мүмкіндігі ұсынылады.