Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
Қызмет құны

АЕК

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден Ережеде санамаланған растайтын құжаттарды көрсеткен кезде босатылады.

Қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – 5 жұмыс  күні.

Азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу– 5 жұмыс  күні. 

АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды)

Порталда – өтінішті қабылдауды растау және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама 1 жұмыс күні ішінде.

Қызметтің толық атауы
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің бетіне "Төлеу" батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізу. 
  4. Өтінімді қабылдау туралы хабарлама келіп түскен жағдайда төлемді жүргізу.
  5. Куәлікті алу үшін ЖАО АХАТ бөліміне жүгіну. Өзімен бірге басып шығарылған хабарламаны, жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ екі 3*4 см өлшемді фотосуретті алу қажет.

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеуге электрондық өтінішті беру тек некені тіркеу немесе некені бұзу себебі бойынша ғана мүмкін.

Тегін, атын және әкесінің атын ауыстыруды тіркейтін және куәлікті беруді жүргізетін тіркелу орны бойынша ЖАО АХАТ бөлімінде көрсетіледі. Сіз тіркелу өзектілігін онлайн тексере аласыз.

Қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының 3*4 см көлеміндегі екі фотосуреті.
  5. ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.       
  6. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды сұраған себептерді растайтын қосымша құжаттарды талап етеді.

Қызмет көрсету нәтижесі

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталда - қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту.