Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық бас-қармалары шегінде мұрағат анықтамаларын және/немесе мұрағат құжаттарының көшірмесін беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияның астанада және республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында орналасқан филиалдарының бөлімдеріне тапсырған кезден бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 8 жұмыс күні

Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне жүгінген кезде – 10 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді "Электрондық үкімет" порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасында және eGovKzBot2.0 Telegram-ботында онлайн алуға болады.

 

 

Қызметті онлайн алу

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке адамды сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Туыстарына қатысты ақпарат алған кезде туыстық дәрежесін растайтын құжаттар (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда).
  4. Нотариалды түрде куәландырылған сенімхат –көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін басқа адам білдіргенде.

Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелері, мәліметтер болмаған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша жауап.

Мемлекеттік корпорация қағаз тасымалдағышта анықтаманы 1 айдың ішінде сақталуды қамтамасыз етеді, одан кейін 2 айдың ішінде одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы 1 ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.