Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау
263 318 теңге
Бірінші кезеңде – құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 жұмыс күні
Екінші кезеңде – 42 жұмыс күні
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та алу (қажетті құжаттар):
- Өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат.
- Жеке әскери-есептік құжат (тіркеу туралы куәлігі, әскери билет, уақытша куәлік (әскери билеттің орнына).
- Әскери қызметке жарамдылық санаты туралы медициналық куәландыру картасы.
Қызмет көрсету нәтижесі
Бірінші кезеңде – азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға қабылдау туралы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап
Екінші кезеңде – әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтағаны туралы сертификат беру болып табылады