Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 8 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
  3. Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.
  4. Ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банк шотының не қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер.
  5. Капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын капиталдандырылған сомаларды алу құқығын растайтын (растайтын) сот актісінің (актілерінің) көшірмесі:
  • мемлекеттен капиталдандырылған төлемдер сомасын алған кезде – мемлекетке зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
  • таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған төлемдер сомасын алған кезде – материалдарында әрбір бірінші кезектегі кредитор бойынша таратып жазу бар конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіте отырып, конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы анықтама (шешім).

Капиталдандырылған сомаларды алу құқығы капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын соттың не мемлекеттік архивтің архивтік құжаттарымен де расталуы мүмкін.

Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.