Кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы кредит беруге өтінім беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке кәсіпкерлер
Шаруа қожалықтары
Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері
Фермерлік шаруашылықтар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны
Тегін
Қызмет көрсету мерзімі
Құжаттарды ұсынған сәттен бастап 30 жұмыс күнінен аспайды
Қызметтің толық атауы
Кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы кредит беруге өтінім беру
Қосымша

НҚА: Кредиттеу және кепілдік беру қағидалары; Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы.

Қызметті онлайн алу үшін

  1. Авторизациядан өту және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту (қызмет алу үшін https://credit.kazagro.kz/kz/ сайтында тіркелген болуыңыз тиіс).

Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):

Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар үшін:

  1. Қаржыландыруға өтінішЗаңды тұлғалар үшін "өз клиентін біл" сауалнамасыШҚ/ФХ/ЖК жеке тұлғалар үшін "өз клиентін біл" сауалнамасыкредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімі (шарт жасасқан кезде)кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі (қаржыландыруға өтініш берілген күні)қарыз алушының өзіне берілген кредиттер туралы ақпаратты және олар бойынша міндеттемелерді орындау туралы барлық мәліметтерді уәкілетті органдарға және/немесе "Холдинг" АҚ беруге келісімі ;
  2. ШҚ/ФШ/ЖК/ПТ ретінде өтініш берушінің/қарыз алушының заңды мәртебесін растайтын құжаттар (ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама/куәлікке қосымша/ШҚ/ФШ құрамы туралы анықтама, егер ШҚ/ФШ бірлескен кәсіпкерлік нысанында құрылған жағдайда (түпнұсқа)/ШҚ/ФШ жүргізу үшін ұсынылған жер учаскесіне өтініш берушілер жіберген хабарламалар туралы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді / құжаттар, бірлескен қызмет туралы шарт және басқалар).
  3. шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаскесін беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі, жер учаскесін жалдау (сатып алу-сату) туралы шарт және жеке меншік не уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына акт.
  4. ШҚ/ФШ/ЖК қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат.**
  5. ШҚ/ЖК басшысының жеке куәлігі, ШҚ бірнеше мүшелері болған жағдайда, онда ШҚ барлық мүшелерінің  жеке куәліктерінің көшірмелері.
  6. Есепті тапсыру туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жылдағы салық декларациясы немесе электрондық растау.
  7. қызмет көрсететін банктің шоттардың, несиелік/мерзімі өткен берешектің болуы, айдың басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы кіріс және шығыс ақша қалдығы көрсетілген айналымдар туралы, К-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтамасы (анықтаманы беру мерзімі КК жобасын қарау күніне дейін 3 айдан ерте емес)
  8. өтінім берілген күннің алдындағы соңғы есепті тоқсан үшін қарыз алушыда салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама не салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.
  9. ШҚ/ФШ мүшелерінің қарыз тартуға (кепілдік беру) жалпы жиналысының хаттамасын, оның сомасын, мерзімін және мақсатты пайдаланылуын көрсете отырып, ШҚ/ФШ мүшелерінің қолдарының түпнұсқалығын нотариалды куәландырады (егер ШҚ/ФХ басшысы қызметін жеке кәсіпкерлік негізінде жүзеге асырған жағдайда, шешімді ұсыну талап етілмейді).
  10. Бизнес-жоспар немесе растайтын құжаттармен бірге қарыз берудің техникалық-экономикалық негіздемесі немесе қарыз алушының кредит қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар.
  11. Тізбеге сәйкес кепіл мүлкі бойынша құжаттар.
  12. Тізбеге сәйкес кепіл берушіге арналған құжаттар.

Заңды тұлғалар үшін

  1. Мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәлік/анықтама (БСН-ді көрсете отырып), жарғы*, құрылтай шарты (Жарғыда қатысушы/лар туралы, сондай-ақ жарғылық капиталдағы оның үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаған жағдайда
  2. АҚ/ЖШС үшін (тіркеуші жүзеге асыратын қатысушылардың тізілімін жүргізу):– барлық акционерлерді және оларға тиесілі акциялардың санын көрсете отырып, өтініш берген күнге дейін 1 (бір) айдан ерте емес күндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінен үзінді көшірме.
  3. Қарыз алушыда жарғылық капиталында 10% - дан астам үлесі бар қатысушылар болған жағдайда:
  • Жеке тұлғалар үшін-жеке басын куәландыратын құжаттар;
  • Заңды тұлғалар үшін-құрылтай құжаттары немесе акцияларды (қатысу үлестерін) ұстаушылардың тізілімі (бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін).
  1. ӨК / ӘКК үшін қосымша:
  • Қамтамасыз етуді ұсыну/кепілдік беру туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның уәкілетті органын шақыру тәртібінің сақталуын растайтын құжаттар (тиісті шешім қабылдау жөніндегі құқық (өкілеттік) берілген тұлғалардың қатысу кворумы болмаған кезде).
  • Кооператив мүшесі жарна енгізбеген жағдайда, кооператив мүшелерінің үлеске (пайға) құқығын растайтын құжаттар: Кооператив мүшесінің үлесі (пайы) жаңа меншік иесіне көшуіне негіз болған құжаттар (пайды (үлесті сатып алу - сату/сыйға тарту/айырбастау шарты)); пайды (оның бір бөлігін) кооператив мүшесі болып табылмайтын азаматқа беру кезінде - сатып алудың басым құқығының сақталуын растайтын құжаттар;
  • пайды ақылы сатып алу кезінде- пайдың құнын төлегенін растайтын құжаттар.
  1. Қатысушылар – шетелдік заңды тұлғалар болған жағдайда,міндетті түрде қолма-құжаттарды апостильдеу; құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармасын ұсынады.
  2. Заңды тұлғаның қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжат.**
  3. Бірінші басшының жеке куәлігі (ЖСН көрсетілген), резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігі (егер басшы шетелдік азамат болып табылса).

Атқарушы органды құру туралы, АҚ Директорлар кеңесін сайлау/тағайындау және басшыны тағайындау туралы Қарыз алушының уәкілетті органының шешімі/қарыз алушының атынан кредиттік және кепілдік құжаттамаға қол қоюға оның өкілеттігін растайтын уәкілетті тұлғаға берілген сенімхат.

  1. Қарыз алушының соңғы тоқсандағы және соңғы екі есепті жылдағы қаржылық есептілігі (баланс, пайда мен зиян туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп) және/немесе Қарыз алушының қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттарда орналастырылған ақпарат; аудиттелген қаржылық есептілік болған жағдайда. Есепті тапсыру туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жылдағы Салық декларациясы немесе электрондық растау.
  2. Қызмет көрсететін банктің шоттардың, несиелік/мерзімі өткен берешектің болуы, айдың басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы кіріс және шығыс ақша қалдығы көрсетілген айналымдар туралы, К-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтамасы (анықтаманы беру мерзімі КК жобасын қарау күніне дейін 3 айдан ерте емес).
  3. Өтінім берілген күннің алдындағы соңғы есепті тоқсан үшін қарыз алушыда салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама не салық қызметі органдары берген салыстыру актісі.
  4. Қарыз алу үшін жүгіну, соттан тыс өткізу, кепілдік беру, кепілгерлік беру құқығын бере отырып, мүлікті кепілге беру туралы, қатысушылардың қолдарының түпнұсқалығын нотариалды куәландыра отырып, Қарыз алушының уәкілетті органының шешімі.

Егер ЖШС қатысушыларының немесе заңды тұлғаның өзге де уәкілетті органдарының жалпы жиналысына қатысуы 100% - дан кем болса, онда қатысушының осындай хабарламаны алғаны туралы белгісі бар алдағы жиналыс туралы қатысушыларды тиісті хабардар ету туралы растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Егер ЖШС 100 және одан да көп қатысушылардан тұратын болса, онда жалпы жиналысты өткізу туралы хабарландыру болған баспасөз басылымын күн тәртібін көрсете отырып ұсыну қажет.

Егер заңды тұлға 10 және одан да көп қатысушыдан тұратын болса, онда шешімде жалпы жиналыстың төрағасы мен хатшысының қолдары ғана нотариаттық куәландырылуға жатады.

  1. Мемлекеттік лицензия (егер Қарыз алушы жүзеге асыратын қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша лицензиялауға жататын болса) (бар болса).
  1. Бизнес-жоспар немесе растайтын құжаттармен бірге қарыз берудің техникалық-экономикалық негіздемесі немесе қарыз алушының кредит қабілеттілігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік беретін өзге де құжаттар
  2. Тізбеге сәйкес кепіл мүлкі бойынша құжаттар.

Мәлімет үшін: Бұл тізбе жобаны талдау үшін құжаттардың ең аз тізімін білдіреді. көрсетілген құжаттарды қарау барысында толық талдау үшін қосымша қажетті құжаттар мен анықтамалар сұратылуы мүмкін.

Қызмет көрсету нәтижесі

Қарыз беруге арналған өтінімді қарау туралы хабарлама.