Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде есептеледі.

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскесіндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажеті құжаттар):
 

Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  2. өтінім.
  3. Қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).


«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін).
  3. өтінім.
  4. Қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).


«Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін мыналар жіберіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін).
  3. Өтінім.
  4. Тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстардың тапсырыс берушілері болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен көрсетілетін қызметті алушы арасындағы бірлескен және басқа жұмыстар жүргізуге шарт жобасы.
  5. Қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Қызмет көрсету нәтижесі

Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап