Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Ақысыз

Қызмет көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 11 жұмыс күні (өтінішті және құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
2) Порталға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 5 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

 

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін, қағаз түрінде қызмет көрсету карантин уақытында ХҚКО-на онлайн брондау арқылы көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға болады, сонымен қатар кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильді қосымшасында, eGovKzBot2.0 Telegram-ботында және Facebook пен VK әлеуметтік жүйелерінде қолжетімді.

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ алу жолы (қажетті құжаттар):

  1. өтініш;
  2. инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);
  3. өтініш беруші жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексеру үшін беріледі);
  4. осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың көшірмесі (егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, тұпнұсқа тексеру үшін беріледі);
  5. өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелер (инвестордың нақты растайтын құжаттар бастапқы есепке алу құжаттары, ресімделген шот-фактуралар, кедендік декларациялар, тұпнұсқа тексеру үшін беріледі).

Қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш беру.