Экономикалық шоғырлануға өтінішхаттарды қарау

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

40 күнтізбелік күн

Қызметтің толық атауы
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

Қолдаухат, оған мынадай құжаттар, ақпараттар (мәліметтер) қоса беріледі

Нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша

  1. Тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы.
  2. Қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi.
  3. Құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары.
  4. Құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi.

әрі қарай

Қызмет көрсету нәтижесі

Экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе уәжді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу