Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

 50 АЕК

 

Қызмет көрсету мерзімі

50 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйым құруына немесе сатып алуына және (немесе) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Банктің немесе банк холдингінің еншiлес ұйымды құруына немесе сатып алуына немесе банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) көшірмесін қоса бере отырып, көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.