Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия - 500 АЕК

Қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін алым - лицензияны бергені үшін - лицензиялық алымнан 10%

 

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия – 30 жұмыс күн;

Қайта рәсімдеу – 15 жұмыс күн;

Көрсетілетін қызметті алушының бөлініп шығу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырылуы жағдайында лицензияны қайта ресімдеген кезде – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей;

Телнұсқасы – 2 жұмыс күн.

Қызметтің толық атауы
Қайта сақтандыру жөніндегі қызметке немесе исламдық қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы