Уәкілетті ұйымдарға берілетін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Мемлекеттік орган
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Қызмет құны

Лицензия - 40 АЕК

Қайта ресімдеу - лицензиялық алымнан 10%

 

Қызмет көрсету мерзімі

Лицензия – 20 жұмыс күні. Қолданыстағы лицензияға қосымша – 10 жұмыс күні. Лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта рәсімдеу – 10 жұмыс күн. Ұлттық Банктің аумақтық филиалы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Қызметтің толық атауы
Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны немесе қолданыстағы лицензияға қосымшасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.