Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың қорытындысы бойынша айқындалады

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні ішінде

Қызметтің толық атауы
Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемлекеттік органда алу  (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Жеке басты куәландыратын құжат.
  3. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты тасымалдау кезінде – сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) көшірмесі.
  4. Иттер мен мысықтардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ветеринариялық паспорт көшірмесі.
  5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге немесе үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстырған (тасымалдаған) кезде және/немесе республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысқанда – ветеринариялық анықтама (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда).
  6. Ветеринарлық сертификат бланкін төлеу туралы түбіртек.

Қызмет көрсету нәтижесі

Экспорт кезінде берілетін ветеринариялық сертификат, немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап