«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) 180 млн. теңгеге - дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алған күннен кейін 5 жұмыс күн.

Егер көрсетілетін қызметті алушының және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың көрсетілетін қызметті берушінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда келесі жобаларды қарау 10 жұмыс күнін құрайды.

2) 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктен/Даму Банкінен құжаттарды алғаннан кейін 10 жұмыс күн.

Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, анықталған ескертулерді көрсетілетін қызметті беруші 3 жұмыс күні ішінде жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін Банкке жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

Порталда:

1) 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күн;

2) 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша көрсетілетін қызметті беруші Банктен құжаттарды алғаннан кейін 10 жұмыс күн.

Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарға ескертулері болған жағдайда оларды жою үшін ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну және/немесе қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру туралы сұрату жіберуі – 3 жұмыс күн. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

Банк көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыдан электрондық өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

Қызметтің толық атауы
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру

Қызметті онлайн алу үшін:

  1. Порталда авторлану  және "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Банктің/Даму Банкінің кепілдік сомасының есептелуімен Қызмет алушының несиелеу мүмкіндігі туралы оң нәтижелі шешімі бар хатының электронды көшірмесін (сканерленген көшірмесін қоса тіркеу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін, сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Порталдан қызмет көрсету нәтижелері бар құжаттарды жүктеп алу және басып шығару.

Бұл қызмет онлайн кредиттер бойынша ғана 180 млн. теңгеге дейін

Қызметті «Даму» КДҚ АҚ қалай алуға болады

  1. Нысан бойынша өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушыны кепілдік сомасын есептей отырып кредитеу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының кредиттік есеп алуға нысан бойынша келісімі.
  4. Көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге нысан бойынша келісімі.
  5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін көрсетілетін қызметті берушінің жинауына және өңдеуіне нысан бойынша оның келісімі.
  6. Кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
  7. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған көшірмесі), көрсетілетін қызметті алушыны тіркеу туралы хабарлама.

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала кепілдік хаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;