Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру - 22 АЕК

лицензияны қайта ресімдегені үшін - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ы

Қызмет көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру - 10 жұмыс күн

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 3 жұмыс күн

көрсетілетін қызметті алушы бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу - 10 жұмыс күн

Қызметтің толық атауы
Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сатып алу, өткiзу, сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызмет көрсету нәтижесі

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, немесе мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.