Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет көрсету орны
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
Қызмет құны

Машинаға тіркеу құжатын беру үшін – 0,5 АЕК

Тіркеу (қайта тіркеу) үшін  – 0,25 АЕК

Машинаға нөмірлік белгі беру үшін  – 1 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

портал арқылы – 1 жұмыс күні
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Мемлекеттік органда қызметті алу  (қажетті құжаттар)

Машиналарды тіркеу кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы.
  3. Заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері.
  4. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.
  5. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдердің (тауарлардың) тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілген машиналарды бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат.
  6. Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар:
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар
  • сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы
  • кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме)
  1.  Жаңа және жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген машиналарға арналған Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификаты немесе олардың Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен бекітілген "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға арналған тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) 6-бабына сәйкестігін растайтын басқа да құжат.

Машиналарды қайта тіркеу кезінде:

  1. Өтініш.
  2. Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері.
  4. Баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.

Қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және өзге де осыған ұқсас өзгерістер салдарынан машина типі өзгерген жағдайда:

  1.  Өтініш.
  2.  Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері.
  4. Салық кодексінің 553 және 615-баптарында белгіленген баждар мен алымдардың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
  5.  Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
  • сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
  • кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме).

Машиналарды тіркеу есебінен шығару кезінде (кәдеге жаратудан, жарамсыз деп танудан, есептен шығарудан, машинаны қызмет көрсетілетін аумақтан тыс жерге көшіруден басқа, сондай-ақ машинаны иеліктен шығару жөніндегі мәміленің алдындағы іс-қимылдар жағдайында):

  1. Өтініш.
  2. Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері.
  4. Машинаға меншік құқығын растайтын құжаттар, оларға мыналар жатады:
  • азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасалған шарттар, мәмілелер, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар;
  • сот куәландырған сот шешімінің, қаулысының, сот орындаушысының орындалуға жататын мемлекеттік органның іс-қимылдары туралы хабарламасының көшірмесі қоса берілген атқару парағы;
  • кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттар (ЕАЭО елдерінен әкелу жағдайларын қоспағанда, кедендік декларация, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелу жағдайларында кері әкету туралы міндеттеме).

Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгі алған кезде:

  1.  Өтініш.
  2.  Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
  3.  Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері.
  4.  Баждар мен алымдардың төленгенін растайтын құжат.

Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болады.

 

Қызмет көрсету нәтижесі

Машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (бұдан әрі – нөмірлік белгі) беру немесе машиналарды есептен алу туралы тіркеу құжатындағы белгі немесе машинаны уақытша тіркеу туралы анықтама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.