Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Заңды тұлғалар
Жеке тұлғалар
Қызмет құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

15 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу

Қызметті онлайн алу

  1. Жүйеге кіріңіз және «Онлайн сұрау» батырмасына өтіңіз (қызметтерді алу үшін сіз eokno.gov.kz сайтында тіркелуіңіз керек).
  2. eokno.gov.kz сайтында қажетті жолдарды толтырыңыз және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) сұранысына қол қойыңыз. Сіздің есептік жазбаңыздағы «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операциялары үшін бірыңғай терезе» порталындағы қосымшаның күйін бақылаңыз.

Қызметті мемлекеттік органнан тіркеу үшін қалай алуға болады(қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін

ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін

 

Қайта тіркеу үшін:

  1. Өтініш.
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
  3. Өнім дайындаушының немесе көрсетілетін қызметті алушынің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде тиісті өзгерістерді растаушы құжат қосымша ұсынылады.
  4. Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.