Аңшы куәлiгiн беру

Жабу Көрсету Қызмет паспорты
Қызметті алушылар
Жеке тұлғалар
Қызметті ұсыну тәсілдері
Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары және олардың филиалдары немесе өкілдіктері
Қызмет құны

2 АЕК

Қызмет көрсету мерзімі

3 жұмыс күні

Қызметтің толық атауы
Аңшы куәлiгiн беру

Қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында)

  1. Осы бетте "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз, одан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

Қызметті мемелекеттік органнан калай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1. 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
  2. аңшы куәлігін алған жағдайда 3х4 түрлі-түсті үш фотосурет, аңшы куәлігін қайта ресімдеген немесе алған жағдайда 3х4 бір түрлі-түсті бір фотосурет;
  3. сертификаттың көшірмесі;
  4. аңшы куәлігін (аңшы куәлігінің төлнұсқасын) беру (қайта ресімдеу) үшін төлем құжатының электрондық көшірмесі.

Қызмет көрсету нәтижесі

Аңшы куәлігі немесе дәлелді бас тарту.

Порталда көрсетілетін қызметті алушының" жеке кабинетіне " көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні мен орнын тағайындау туралы хабарлама жіберіледі.